ЕҮК туралы

Елдік үйлестіру комитеті (ЕҮК) жергілікті жерлердегі жауапкершілік ұстанымдарын Ғаламдық қордың талаптарына және мүдделі жақтардың ауқымды қатысуымен шешімдер қабылдауының негізгі элементі болып табылады.
ЕҮК – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы діни және білім беретін ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын қоса алғанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардың, сонымен қатар АИТВ (адамның иммундық тапшылығы вирусы – ВИЧ) ЖИТС-пен (жұқтырылған иммундық тапшылығының синдромы - СПИД) және туберкулезбен күресу бойынша іс-шараларға тартылған меншік нышанына байланыссыз басқа заңды тұлғалардың қызметтерін үйлестіруді және оңтайландыруды жүзеге асыру үшін құрылған кеңес беру-кеңесші орган.

ЕҮК негізінде 4 негізгі ұстаным жатыр

ЕҮК барлық жақтардың ауқымды қатысуының, шешімдердің демократиялық қабылдануының, толық айқындылықтың, бірлескен серіктестіктің және тиімді қызмет етудің ұстанымдарына шынайы берілген.
• Елдік жауапкершілік: Ғаламдық қордың бір де бір елде өздерінің өкілдіктері жоқ. Елдер қорларды жұмылдыруды өздері жүзеге асырады және ЕҮК арқылы олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді
• Мемлекеттік-жеке Серіктестікке арналған көпжақты алаң (елдік деңгейде ұжымдық зиялылық әлеуетті пайдалану).
• Қызмет етіп жатқан құрылымдарға, олар бар болған жағдайда, тірек болу.
• Нәтижелілік және есеп беруге міндеттілік.
Мәжілістер
  • 08
  • қазан, 2026
 
2026 жылғы 8 қазанда туберкулез саласында қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қауымдастығының өкілдері үшін АИТВ-инфекциясы және туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитетінің (СКК) құрамына қауымдастық өкілін сайлау ережелері мен рәсімдеріне арналған кіріспе ақпараттық сессия өтеді.

Сессияның мақсаты – қауымдастық өкілдерін сайлау процесі, оған қатысу қағидаттары, сайлаушылар мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ тіркелу және дауыс беру тәртібі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Сессия барысында қатысушылар:

  • СКК дегеніміз не және туберкулез саласында қызмет көрсететін ҮЕҰ қауымдастығы өкілінің рөлі қандай екенін;
  • сайлаушы ретінде сайлауға кімдердің қатысуға құқығы бар екенін;
  • СКК мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылатынын;
  • сайлаушы немесе кандидат ретінде қалай тіркелуге болатынын;
  • қандай құжаттарды дайындап, ұсыну қажет екенін;
  • кандидаттардың сайлаушылар алдында өз ұстанымдарын қалай таныстыратынын;
  • құпия дауыс беру және дауыстарды санау қалай жүргізілетінін;
  • сайлаудың барлық қатысушылары үшін ашықтық пен тең жағдайлардың қалай қамтамасыз етілетінін;
  • Мандаттық комиссия мен тәуелсіз байқаушылардың рөлі мен функциялары қандай екенін біледі.

СКК құрамындағы болашақ қауымдастық өкілінің рөліне ерекше назар аударылады. Өкіл тек өзі ұсынатын ұйымның мүддесін ғана емес, жалпы қауымдастықтың мүддесін білдіруге, ұлттық деңгейдегі мәселелерді талқылауға қатысуға, қауымдастықпен тұрақты консультациялар жүргізуге және кері байланысты қамтамасыз етуге тиіс.

Оқиғалар күнтізбесі
 
Серіктестер