Басты бет Мәжілістер Елдік үйлестіру комитетің кездесуі 2026 ж. маусымның 05
 

Елдік үйлестіру комитетің кездесуі 2026 ж. маусымның 05


  • 05
  • маусым, 2026
 

2026 жылғы 5 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қорға (бұдан әрі – Жаһандық қор) 8-гранттық цикл аясындағы АИТВ компоненті бойынша өтінімін дайындау шеңберінде мүдделі тараптардан келіп түскен ұсыныстарды талдау нәтижелерін таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Елдік үйлестіру комитеті (ЕҮК) мен Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) бірлесіп ұйымдастыруымен, Жаһандық қор қаржыландыратын БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)/ЕҮК жобасы аясында өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, азаматтық қоғам ұйымдарының, негізгі халық топтарының, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және даму жөніндегі серіктестердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға ЕҮК жариялаған ұсыныстарды жинау туралы хабарландыруға жауап ретінде келіп түскен ұсыныстарды бағалау нәтижелері, сондай-ақ Жаһандық қордың CRG халықаралық консультантының қолдауымен өткізілген қауымдастықтық консультациялардың қорытындылары ұсынылды. Талқылау барысында АИТВ профилактикасына қолжетімділікті кеңейту, байланысқа дейінгі профилактиканы (PrEP) дамыту, тестілеудің инновациялық тәсілдерін енгізу, негізгі халық топтарына арналған қызметтерді жетілдіру және Жаһандық қор қаржыландыруы аяқталғаннан кейін бағдарламалардың орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке бөлімі ретінде қатысушылар топтық жұмыс жүргізіп, ұсыныстарды басымдыққа қою, іс-шаралардың іске асырылу мүмкіндігі мен ресурстық қамтамасыз етілуі, іске асыру және мониторинг тетіктері, сондай-ақ негізгі халық топтарының бағдарламаларды іске асыруға қатысуы мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша өтінімді одан әрі жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірленді. Дөңгелек үстелге қатысушылар тиімділігі дәлелденген профилактикалық және сервистік модельдерді сақтаудың, қауымдастықтардың шешім қабылдау процестеріне қатысуын кеңейтудің, мемлекеттік қаржыландыру тетіктерін дамытудың және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қалыптастырылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар консультанттарға жолданып, Қазақстан Республикасының Жаһандық қорға ұсынылатын өтінімінің түпкілікті нұсқасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

ЕҮК барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, сындарлы диалог жүргізгені және Қазақстанның АИТВ-инфекциясына қарсы ұлттық іс-қимыл шараларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.






Мәжілістер тізіміне оралу

Мұрағат

Барлық жазбалар