Туберкулез саласында қызмет көрсететін ҮЕҰ қауымдастығы үшін СКК құрамына қауымдастық өкілін сайлау бойынша кіріспе ақпараттық сессия
2026 жылғы 8 қазанда туберкулез саласында қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қауымдастығының өкілдері үшін АИТВ-инфекциясы және туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитетінің (СКК) құрамына қауымдастық өкілін сайлау ережелері мен рәсімдеріне арналған кіріспе ақпараттық сессия өтеді. Сессияның мақсаты – қауымдастық өкілдерін сайлау процесі, оған қатысу қағидаттары, сайлаушылар мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ тіркелу және дауыс беру тәртібі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Сессия барысында қатысушылар:
СКК құрамындағы болашақ қауымдастық өкілінің рөліне ерекше назар аударылады. Өкіл тек өзі ұсынатын ұйымның мүддесін ғана емес, жалпы қауымдастықтың мүддесін білдіруге, ұлттық деңгейдегі мәселелерді талқылауға қатысуға, қауымдастықпен тұрақты консультациялар жүргізуге және кері байланысты қамтамасыз етуге тиіс. Мәжілістер тізіміне оралу |
МұрағатБарлық жазбалар
|
Басты бет
Мәжілістер
Туберкулез саласында қызмет көрсететін ҮЕҰ қауымдастығы үшін СКК құрамына қауымдастық өкілін сайлау бойынша кіріспе ақпараттық сессия
